skip to Main Content
Нобель лауреаттары баламалы энергия көздерінің маңыздылығы туралы айтып берді

Нобель лауреаттары баламалы энергия көздерінің маңыздылығы туралы айтып берді

Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Оңтүстік Корея, Үндістан, Шри-Ланка мен Италияның Нобель сыйлығының лауреаттары әлемдегі баламалы энергия көздерінің тиімді шаралары туралы айтып өтіп, Қазақстанда баламалы энергияны енгізу қаншалықты маңызды екенін Астанадағы «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асырудың әдістері» тақырыбындағы (WSEC-2017) инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі барысында айтты.

Ғалым Ражендра Кумар Пачаури (Үндістан) ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу әлемдік қауымдастық үшін  маңызды шара болып табылады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбының мәйегі  баламалы энергия көздерін қолдану арқылы қатты жанармайды қолдануды азайтуға бағытталған. Осы орайда Елбасыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевқа таза энергияны өндіруге мүмкіндік сыйлағаны  үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстан тарихындағы  маңызды сәт, ЭКСПО көрмесі барлығының жадында сақталады», – деді ол. 

Өз кезегінде инженер-ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг (Корея) тұрақты дамудың тәжірибелік әдістері бойынша ұстанымы айқын, оның арқасында ЭСКАТО  2005 жылдан бастап жасыл өсім Стратегиясының тұжырымдамасы  ілгерілендірудің  үздігі атанды.

«Инженерлердің дүниежүзілік конгресі төмен көмірсутек бойынша біздің болашақтағы көзқарасымыз шынайылыққа айналатын алаң. Қазір біз аз байытылған көмірсутек дәуіріне көшіп жатырмыз. Сондықтан, болашақтың тұрақты экономикасын анықтаған жөн. Біз бүгін таңдайтын шешім экономикалық тұрақтылық пен экономикалық даму үшін өте маңызды», – деді ол.

Риккардо Валентин (Италия) Қазақстанға келді, ол барша әлемдегі  адамзат кедейлік мәселесін дұрыс шешім бойынша жүзеге асыруы керектігін айтады.

«Бүгінгі таңда кедейлік мәселесі өте көп: су, ас тапшылығы бар. Энергетика мәселесін түсінуіміз керек, осы проблемалардың тиімді шешілуін қарастыруымыз керек. Бізге оны жүзеге асыруға көмектесетін әдістер мен модельдер бар. Ғалым ретінде айтатын болсам, аштық пен су тапшылығы мәселелерін шешуге болады. Бұл орайда инженер-ғалымдар басты рөлді ойнайды. Қазір  жылдам өзгеру кезеңі. Мобильді технология мен әлеуметтік медиа жасаған өзгертулер талқыланбайды. Мен  заманауи әлемде не болып жатқанын түсінемін. Олар әлемді өзгерте алады. Сондықтан да, жас ұрпақ болашақты жақсы жаққа өзгертуі керек», – деді ғалым.

Ғалымдар айып өткендей, бүгінгі таңда баламалы энергия көздері  болашақ энергиясының ажырамас бөлігі болып отыр. Кездесу барысында талқыланған мәселелер БЭК  саласындағы энергетикалық жаңашылдықтар мен технологияларға қатысты болды.

Ақбота Күзекбай

 

www.strategy2050.kz

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
WordPress Themes
Back To Top