skip to Main Content
ЭКСПО-2017 мен ТУРИСПАНИЯ стратегиялық серіктес болуды жоспарлады

ЭКСПО-2017 мен ТУРИСПАНИЯ стратегиялық серіктес болуды жоспарлады

Халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шараларға шетелдік туристерді тарту мен оларды қарсы алу, туристтік бағытты ұтымды жүргізу, туристік брендті тиімді дамыту мен оның оңтайлы жүргізілуі және басқа да мәселелер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Ахметжан Есімовтың «ТУРИСПАНИЯ» Бас директоры Марта Бланкомен Мадридтегі кездесуінде талқыланды.     Кездесу барысында ұлттық компания басшысы ЭКСПО сынды халықаралық ауқымды іс-шараны абыройлы өткізу үшін әлемдік туризм нарығында алдыңғы қатардан табылатын мемлекеттермен тәжірибе алмасудың маңыздылығын тілге тиек етті.

«Turespaña Испанияның әлемдік маркетингіне жауап беретіндігін және мемлекеттің туристік брендін басқарады. Бүгінде Испания корольдігі туристерінің көлемі бойынша әлемде үшінші орынды иеленеді. Сондай-ақ,  дүние жүзілік туристер ағымын 6 пайызын қабылдайды. Бұл ретте, біз Сіздердің ұлттық компанияларыңызбен шетелдік қонақтарды барынша тартуда стратегиялық серіктес болуға мүдделіміз», – деді А.Есімов.

Іс-шараны қорытындылай келе, екі жақ серіктестік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру бағытында келісулерді жалғастыратындығын айтты.

Айта кету керек, ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне 5 миллион келуші болады. Оның 85 пайызы қазақстандықтар, 15 пайызы басым бөлігі Еуропадан және баса да шетелдік мемлекеттің азаматтары деп жоспарлануда.

Back To Top