skip to Main Content
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
SlideVolonter

Ерікті WSEC-2017 Ұйымдастыру комитетінің мүддесінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізудің өтеусіз негізінде қатысуға өз еркін білдірген азамат болып табылады.

Іс-шара Еріктілерінің құқығы мен міндеттері.

  1. Ерікті өз міндеттемелерін анық және адал орындауға тиіс.
  2. Ерікті іс-шара ұйымдастырушыларының мақсаттарын, міндеттері мен принциптерін білуге, ұстануға және олардың беделін нығайтуға міндетті.
  3. Ерікті іс-шара ұйымдастырушыларына материалдық залал келтірмеуге міндеттенеді.
  4. Ерікті іс-шара ұйымдастырушыларын өз денсаулығының жай-күйі, ағзасының ерекшеліктері, іс-шара кезінде қол жетімділігі және өз тарапынан ықтимал тәуекелдері туралы алдын ала ескертуге міндетті.
  1. Егер ҚР Заңнамасына және халықаралық құқыққа қайшы келмесе, онда Ерікті өз мақсаттарын, қабілеттерін және қажеттіліктерін негізге ала отырып, өз қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
  2. Ерікті іс-шара ұйымдастырушыларынан орындалған жұмыстардың сипаты, сапасы мен көлемі, Еріктінің көрсеткен біліктілік деңгейі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарын (анықтамалар, ұсыныстар) талап етуге құқылы.
  3. Ерікті еріктілік қызметтің нысандары мен әдістерін жүзеге асыруды талқылау кезінде ұсыныс енгізуге құқылы.
  4. Ерікті жұмыс уақытында оған қажетті еңбек жағдайларын құруға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқылы. Еріктінің еңбек жағдайы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болуы керек.

Сауалнаманы мына мекен-жайға жіберу қажет, e-mail: organising_committee@wsec.kz

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
WordPress Themes
Back To Top