skip to Main Content
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
slidemain8_kaz

Академия президенті – қазақстандық көрнекті ғалым-математик, мемлекет қайраткері, академик Б. Т. Жұмағұлов.

Академия құрылымында аймақтық жетекші университеттер базасында ұйымдастырылған 13 облыстық филиалдар мен 35 ғылыми-техникалық және инженерлік орталықтар жұмыс жасайды және ірі өнеркәсіп мекемелерімен өзара тығыз байланыста. Академияның 10 салалық бөлімшелері еліміздің экономикасын дамытудың барлық басым бағыттарын: сәулет өнерін, құрылыс және құрылыс материалдарын, есептеу және ақпараттық технологияларды, геология мен тау-кенметаллургиялық өндірісін, агроөнеркәсіп кешенінің инженериясын, машинажасауды, ғарыштық техника мен технологияларды, мұнай-химия технологияларын, тағам өнеркәсібін, халық тұтынатын тауарларды, көлік және коммуникацияларды, экология, экономика, энергетика мен энергия үнемдеу технологиясын қамтиды.

Академияның биік әлеуетінің негізін – оның құрамындағы еліміздің жетекші ғалымдары мен инженерлері, өндіріс мамандары, мемлекет қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті басқару органдарының, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу институттарының, өндірістік бірлестіктердің, кәсіпорындар мен экономиканың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының басшылары құрайды. Академияға 150-ге жуық ғылыми-зерттеу институттар, ЖОО-ы, акционерлік қоғамдар, компаниялар, өнеркәсіп орындары мен ұйымдары бастаушы мүше ретінде кіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының қызметі ғылымды шынайы өндірістік күшке айналдыруға, маңызды ақпараттық тізбек бірлігін «іргелі ғылым – қолданбалы зерттеулер – өндіріс» құруға және дамытуға бағытталған. Академияның басты міндеті – ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған ғаламат ауқымды «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда Отандық ғылымды үдете және тиімді қатыстыруды қамтамасыз ету болып табылады.

13

АЙМАҚТЫҚ УНИВЕРСИИТЕТТЕРДІҢ  БАЗАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛДАР

35

ІРІ ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАР

10

АКАДЕМИЯНЫҢ САЛАЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНЫҢ БАР БАСЫМДЫҚТАРЫН ҚАМТИДЫ

photo_83

Бақытжан  Тұрсынұлы Жұмағұлов – ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті (1991 жылдан бастап), белгілі ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі,  Ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

Қолданбалы және есептеу математикасын және ақпараттық технологияларды құру мен қолдану, математикалық модельдерді және математикалық тәсілдерді гидродинамика және мұнай-газ саласында өндірісте қолданудағы міндеттерді  шешуде  көрнекті ғалым.

Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде жарияланған 400-ден астам ғылыми еңбектердің және 11 монография, 8 оқулықтың авторы.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын осында бастаған, ассистенттен профессорға, кафедра меңгерушісінен проректорға (1979 – 1991 жж.)  дейінгі жолдардан өтті. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001-2005 жж.) қызметтерін атқарды.

«Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаев 2005 жылдың сәуірінде  «Отан» РСП Төрағасының Міндетін атқарушысы етіп тағайындады. 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Төрағасының орынбасары, мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі болып сайланды.

2008 жылдың сәуірінде ҚР Президентінің өкімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

ҚР Президентінің жарлығымен 2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Халықаралық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті (штаб пәтері Мәскеу қ., РФ). 2011 жылы Ислам елдерінің инженерлік академиялары Федерациясының (FЕІІС) президенті болып сайланды, 2013 жылдан бастап – FЕІІС-тің құрметті президенті. 2012 жылдан бастап Қазақстан математикалық қоғамының президенті. 2009-2011 жж. Түркітілдес елдердің Бүкілдүниежүзілік математикалық қоғамының (ТЕБМҚ) президенті, 2011 жылдың  шілдесінен бастап  – Құрметті президенті.

Б. Т. Жұмағұлов «Парасат» орденімен марапатталды, Қазақстанның және халықаралық ұйымдардың басқа да көптеген құрметті атақтары мен бірқатар марапаттары  бар.

Қосалқы ұйымдастырушылары

Ұйымдастыру комитеті

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
WordPress Themes
Back To Top