skip to Main Content
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
Spiker_KAZ
null

Раджендра Кумар Пачаури (Үнді)

Нобель сыйлығының лауреаты. 2002 жылдан 2015 жылға дейін климаттың өзгеруі бойынша сарапшылардың Үкіметаралық тобының төрағасы болды. Сол жылдары ұйым әлемдік Нобель сыйлығына ие болды.

null

Бозымбаев Қанат (Қазақстан)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді. Әлеуметтік және экономикалық жоспарлау саласында мамандандырылған.

null

Геннадий Месяц (Ресей)

Қуатты импульсты энергетиканы жобалау және осы саланың негізін зерттеу жұмыстары үшін 2003 жылы Ғаламдық энергия сыйлығының лауреаты.
null

Рае Квон Чунг (Корей Республикасы)

Климаттың өзгеруі бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. АТМЭӘК (ЭСКАТО) Қоршаған орта және тұрақты даму бөлімінің жетекшісі. Чунг мырза тұрақты дамудың практикалық әдістері бойынша белсенді позициясымен және сұхбат құруымен белгілі. Оның арқасында 2005 жылдан бастап жасыл өсім Стратегиясының концепциясын алға жылжытуда АТМЭӘК көшбасшы болды. Чунг мырзаның басшылығымен АТМЭӘК 2012 жылы жасыл өсім және көміртектің аз шығарындылары бойынша Жол картасын шығарды.

null

Жұмағұлов Бақытжан (Қазақстан)

WSEC-2017 Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик

null

Мохан Мунасингхе (Шри-Ланка)

Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, энергетика, тұрақты даму, климаттың өзгеруі саласында сарапшы. Женевада орналасқан климаттың өзгеруі бойынша сарапшылардың Үкіметаралық тобының вице-президенті, және Шри-Ланкадағы  Мунасинхті дамыту институтының төрағасы.

null

Рикардо Валентини (Италия)

«Жасыл Капитал Одағы» ғылыми бөлімнің жетекшісі, профессор, Климаттың өзгеруі бойынша Үкіметаралық Комитетінің (КӨҮК) және Климаттың өзгеруі бойынша Еуро-Жерорта теңізі Орталығының құрамындағы Әлемнің Нобель Сыйлығының Лауреаты (2007 ж.)

null

Фидель Кастро Диас-Баларт (Куба)

Куба Республикасының Мемлекеттік кеңесінің ғылыми кеңесшісі және Куба ғылым Академиясының Вице-президенті, Куба ғылым Академиясының құрметті академигі,  Дубнадағы ЯЗБИ Кубаның өкілетті өкілі, атом энергиясы жөніндегі Комиссияның бұрынғы атқарушы хатшысы, ядролық мәселелер бойынша атқарушы хатшысы (1993-2003); өнеркәсіп Министрлігінің ғылыми және инновациялық қызметінің жетекшісі.

null

Клемент Боуман (Канада)

Битумды тақтатастар және мұнай құм синтетикалық отынның тиімді пайдалану технологияларын құру және енгізу, теориялық негіздеу жұмыстары үшін 2008 жылы Ғаламдық энергия сыйлығының лауреаты.
null

Жорес Алферов (Ресей)

Күн және электр энергиясында пайдаланылатын жартылай өткізгіш электр түрлендіргіштерін құру үшін маңызды практикалық үлесі және іргелі зерттеу жұмыстары үшін 2005 жылы Ғаламдық энергия сыйлығының лауреаты.
null

Пармон Валентин (Ресей)

«Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығының лауреаты, «Сколково» Қорының Консультациялық ғылыми Кеңесінің мүшесі, РҒА академигі. Ресейлік ғалым, катализ және фотокатализ, конденсацияланған фазалардағы химиялық кинетика, химиялық радиоспектроскопия, энергияны түрлендірудің химиялық әдістері, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері салаларының маманы, Ресей ғылым академиясының толық мүшесі (1997). Химия ғылымдарының докторы, профессор. Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2009).

null

Алексей Конторович (Ресей)

Көмірсутегі кенорындарын барлау және игеру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен зерттеудің жаңа әдістерін енгізгені үшін 2009 жылы Ғаламдық Энергия сыйлығының лауреаты.
null

Сафонов Георгий (Ресей)

Экономика ғылымдарының кандидаты: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы. Диссертация тақырыбы: «Ресейде буланған газдың шығуын қысқарту механизмінің экология-экономикалық сараптамасы».

null

Жоао Карлос де Соуза (Бразилия)

Бразилия Федеративті Республикасы Сан-Паулу штатының энергетика және тау-кен өндіріс министрі. 1994-2002 жылдары MERCOSUR Bovine Livestock Supply Chain Forum Форумының үйлестірушісі ретінде жұмыс жасады; 2002 жылдан Халықаралық ет хатшылар алқасының президенті және вице-президенті; 1998-2002 жылдары Сан-Паулу штатының ауылшаруашылық және жабдықтау министрі; 2003-2006 жылдары – Сан-Паулу штатының ғылым, технология,  экономикалық даму және үкіметтің туризмі жөніндегі хатшысы және стратегиялық мәселелер – Сан-Паулу штатының губернатор канцеляриясы жөніндегі арнайы кеңесшісі. 2013-2014  жылдары де Суза Мейреллес мырза CESP – Companhia Energética de São Paulo басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

null

Владимир Накоряков (Ресей)

«Жылу – энергетикалық технологиясының физика-техникалық негізі – гидродинамиканы, жылу алмасу, қалыпты емес және көп фазалы ортада толқын тәріздес құбылыстар» – жобасы үшін 2007 жылы Ғаламдық Энергия сыйлығының лауреаты.
null

Борис Каторгин (Ресей)

Космостық жүйенің жоғарғы энергетикалық параметрлерінде, Космосты бейбіт мақсатта қолдануда, криогендік жанармайда жоғарғы тиімді сұйықтық зымыран двигателін жасағаны және толық зерттегені үшін 2012 жылы Ғаламдық Энергия сыйлығының лауреаты.
null

Дольф Гилен (Германия)

2011 жылдан бастап Дольф Гилен Бонн қаласындағы IRENA  , инновация және технология Орталығы директорының лауазымын иеленді, энергетика, өзіндік құн және нарықтық баға мен инновациялық саясат негіздерінің салаларында  жоспарлау, технологиялар мен жол карталарын әзірлеу саласында мүше-елдерді мониторингтеу бойынша агенттіктің жұмысын бақылайды. Делфта Техникалық университетінің энергетика және материалдарды модельдеу саласында PhD дәрежесіне ие.

null

Эдуард Волков (Ресей)

Әлемдік энергетикалық қажеттіліктердің бөлігін толтыруға арналған синтетикалық отын өндіретін технологияларын құру және іске асыру жұмыстары үшін 2008 жылы Ғаламдық Энергия сыйлығының лауреаты.
null

Имер Боннер (Қазақстан)

Өндіріс бөлімінің бас менеджері «Теңізшевройл» ЖШС. Имер Боннер өз жұмысын Шеврон корпорациясында Ұлыбританиядағы Солтүстік теңізде теңіз кенішіндегі мұнай өндіру жөніндегі инженер ретінде бастап, атқарған міндеттерін арттыра отырып, мұнайды өндіру технологиясы, өндірістік операциялар, кен орнын игеру, жобаны басқару, стратегия мен жоспар құру және өндірістік тиімділік салаларында Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Тайландта және кейіннен Қазақстанда техникалық және басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді.

null

Карстен Д. Аренс (Германия)

Германиядағы азаматтық құрылысы және оффшорлық жел энергиясы  – Жасыл және тұрақты технологиялар саласында Ынтымақтастық Қолданбалы ғылымдар Университеті Jade-Hochschule, Zentralverband DeutscherIngenieure, Азаматтық құрылыс инженерлерінің Дүние жүзілік кеңесі
null

Джон Маккартни (АҚШ)

техника ғылымдарының кандидаты, Сан -Диегодағы Калифорниялық университеттің доценті, АҚШ-да жасыл энергетика саласының жетекші мамандарының бірі
null

Йохен Рентш (Германия)

FraunhoferISE өкілі, Еуропадағы ең ірі күн энергиясы ғылыми-зерттеу институты
null

Клаус Ридле (Германия)

Булы газдық қондырғы үшін  қуатты жоғарғы температуралы газды турбина  құрғаны және жасағаны үшін 2005 жылы Ғаламдық Энергия сыйлығының лауреаты. «Эрланген-Нюрнберг» университетінің құрметті профессоры, Германияның қазба отын негізіндегі электр энергиясын өндіру департаментінің экс-президенті.
null

Танин Леонид Викторович (Беларусь)

Директорлар кеңесінің төрағасы, «Голографиялық индустрия» АҚ-ның акционері, физика-математика ғылымдарының докторы, ХИА-сының академигі
null

Игорь Эмри (Словения)

Еуропа Инженерлік-техникалық ғылымдарының төрағасы, профессор.
null

Марьяна Сижанеч Заври (Словения)

Тұрақты жүйеде аз мөлшерде энергияны қолданудағы ғимаратты интеграциялау – тұрақты құрылысқа шақыру. Словенияның азаматтық құрылыс Институты
null

Сон Э. Е. (Ресей)

Ресейлік ғалым- физик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, (2008 жылдан) Ресей ғылым академиясының энергетика және машинажасау Бөлімінің корреспондент-мүшесі.
null

Мишель Т. Дэвис (Ұлыбритания)

Мишель Т. Дэвис басқарған топ глобалды масштабта жаңартылатын энергия көзін пайдалану бойынша 30 GW аса жобаларды жүргізді. Мишель «2012 жылдың 100 заңгерлері» «Жаңартылатын энергия көзінің басқарушысы» деп атады және соңғы 3 жылда «Әлем жел жайыл» ұйымының әлемдік жел энергетикасының жүзден жүйрік маманы атағын алды. Және 2014-2015 жылдары «Шуақты әйел» атағын алды.

null

Ральф Фюкс (Германия)

«Intelligent Growth – The Green Revolution» кітабының авторы. Генрих Белль атындағы Берлиндік қордың жетекшісі. Қоршаған орта және қала дамуының бөлімінің Сенаторы. Жасылдар партиясының тең төрағасы.

null

Маурисио Порраз (Мексика)

Инженерлік океанология және тиімді қорғау құрылымдары Инженерлік Академия
null

Аземи Мохд Нур (Малазия)

Куало-Лумпур университетінің профессоры.
null

Даниел Гоулман (АҚШ)

«Экологиялық интелект» кітабының авторы. Америкалық психолог, эмоционалды және экологиялық интеллект саласында танылған маман.

null

Франк А. Волак (АҚШ)

Стэнфорд университетіндегі экономика факультетінің профессоры. Профессор Волактың мамандану аумағы индустриалды ұйымдастыру мен экономикалық теорияны қамтиды. Волак мырзаның соңғы жұмысы Телекоммуникация, энергетика, поштамен жеткізу қызметі инфраструктуралы салаларда бәсекелестікті жолын зерттеді.

null

Фридрих Принц (АҚШ)

Стэндфорд университетінің инженерлік мектебінің «Finmeccanica» қорының профессоры, материалтану және инженер профессоры, машина жасаудың профессоры және энергетиканың Прекорт институтының аға ғылыми қызметкері. Сондай-ақ, наноөлшемді прототиптеу зертханасының директоры және «Stanford Energy 3.0» бағдарламасының.

null

Тургут Гур (АҚШ)

Тургут М.Гур 2005 жылдан бері Стэнфорд университетінің материалтану және инженерия профессоры, озық матреиалдар және энергияны түрлендіру аймағындағығылыми-зерттеу орталығы негізіндегі көп салалы топты басқаруда 18 жылдық тәжірибесі бар.

null

Шолпан Алтыбаева (Қазақстан)

Адам ресурстарын басқару жөніндегі бөлімнің бас менеджері «Теңізшевройл» ЖШС. Алтыбаева Ш. Б. инженер-техник қызметкерлер резервін іріктеу және дамыту бағытында бірқатар есте қаларлықтай жобалар жасақтап, жүзеге асырды. Сондай-ақ ол кадрларды басқару және қайта даярлау, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы саясат пен тәртіпті жасақтады.

null

Гордон Борис Григорьевич (Ресей)

«Ядролық және радиациялық қауіпсіздік ғылыми-техникалық орталығы» федералдық бюджеттік мекемесінің («ЯРҚ ҒТО» ФБМ) бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Б.Г. Гордон атом энергетикасында белгілі ғалым болып табылады, ядролық энергетикалық қондырғылар, жылу физикасы және молекулалық физика, атом энергиясын пайдаланудағы қауіпсіздік сияқты салаларда маманданған.

null

Коджи ОКАМОТО (Жапония)

Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA), PhD, Токио университетінің профессоры. Мамандығы – термогидравлика және ядролық қауіпсіздік. Техникалық гидродинамика және ядролық технология саласында 100-ден астам ғылыми баяндама жариялады. Оның қазіргі ғылыми қызығушылығы АЭС-тердегі қауіпсіздікті жетілдіруді, тоқтатылған АЭС-терді және/немесе Фукусима Даичи АЭС-індегі ауыр апаттарды зерделеуді және пайдаланудан шығаруды қамтиды.

null

Сқақов Мәжін Қанапияұлы (Қазақстан)

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, «Атом энергиясы институты» филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик. М.Қ.Сқақовтың ғылыми қызығушылығы конденсатталған күй физикасының іргелі саласы – реакторда нейтрондармен сәулелену әсерінен болаттардағы және балқымалардағы фазалық-құрылымдық айналуларға келіп саяды.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
WordPress Themes
Back To Top