skip to Main Content
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
flagkz

Қазақстан Еуразия континентінің орталығында орналасқан.
Аумағы- 2 млн  724,9 мың шаршы км. Жер көлемі бойынша  әлем мемелекеттері ішінде тоғызыншы орынға ие. Халқының жалпы саны 17458500 адамды құрайды.Қазақстан Мұхитқа тікелей шыға алмайтын-әлемдегі ең үлкен мемлекет.

Қазақстандағы заманауи мәдени процесстер сан түрлі. Олар білім беру, ғылым және мәдениет шеңберіндегі түрлі салаларды қамтиды. Қазақстанның өзіндік тарихи-мәдени мұралары көп ғасырлар бойы жалғасып келеді. 2015 жылы біздің еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын атап өтті.

Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға және  ұлттық экономикалық қауіпсіздік пен  республиканың өндірістік әрі ғылыми-техникалық потенциалын арттыруға  бағытталаған ғылымды қажетсінетін отандық өндірістер, жаңа ақпараттық жүйелерді өңдеу және игеру қолға алынған.

Қазіргі кезде Қазақстанда 132 білім беру мекемелері және 450-ден астам ғылыми зерттеу ұйымдары жұмыс істейді.

Қазақстандағы ғылыми-технологиялық саланың прогерссивті өркендеуіне, ғылымның дамуына жетекші ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы және Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы ауқымды үлес қосып келеді.

Қазақстан Республикасы – экономикалық өрлеуінің негізгі көздерінің бірі пайдалы қазбаларды игеру болып табылатын индустриалды мемлекет. Менделеев кестесіндегі 105 элеменнтің 99-ы Қазақстанның жер қойнауында  кезедеседі.

Қазір Қазақстан үлкен көлемдегі энергетикалық ресурстар (мұнай, газ, уран, көмір) қорына ие энергетикалық держава болып табылады. Елдің минералды-шикізат базасы 5 мыңнан аса кен орынынан құралады. Республика әлемде уран өндірісі бойынша және мырыш,вольфрам, барит қорын зерттелген қоры бойынша – бірінші, күміс, қорғасын мен хромит қоры бойынша-екінші, мыс пен флюрит қоры бойынша-үшінші, молибден қоры бойынша-төртінші, алтын қоры бойынша-алтыншы орындарды иемденеді.

Қазіргі таңда, Қазақстан экономикалық өрлеу қарқыны бойынша әлемдегі 10 елдің қатарына кіреді.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өрлеу, халықаралық танымалдық және саяси тұрақтылық қазақстан қоғамының дамуының негізгі  болып отыр. Қазақстан өзінің мәдени дәстүрлерін құрметтейтін және заманауи жоғары-бәсекелі әлемде ауқымды мүмкіндіктерін

Астана – Қазақстан Республикасының астанасы

2013052711032551a2e91dcfa75

Қазақстанның жаңа, заманауи  астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Еуразия континентінің ортасында ыңғайлы орналасуы – Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді транспортты, коммуникациялық және логистикалық орталық және Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретінде қалыптастырады. Астана бейнесі мен атмосферасы Қазақстанның болашаққа бағыт алғандығын айқындайды. Алдыңғы қатарлы технологиялар мен дизайнды қолданып жасалынған архитектуралық жобалар қаланың айқын амбициялары мен қуатты энергиясын көрсетеді.

Қазақстан орталығында өзіндік құрылымымен қайталанбас қала қалыптасты. Астана Халықаралық маңызы бар әртүрлі форумдар, конгресстер және басқада іс-шаралар өтетін Еуразиялық орталыққа айналды. Қазіргі кезде Астана EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетін орын болып таңдалынған.

Қазір Астана тек қана Қазақстанның негізгі даму желілері тоғысқан үлкен басқару орталығы ғана емес, Қазақстанның инновационды дамуына серпін берген көшбасшы қала. Астана жаңа мыңжылдықтағы Қазақстан дамуының локомативі.

1465798231xz336
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
WordPress Themes
Back To Top