skip to Main Content
ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

REmap – болашақтың жаңартылатын энергия көздерінің халықаралық Жол картасының барлық нұсқаларын іске асыру – 2030 жылға қарай әлемнің көптеген елдерінде жаңартылатын энергия көздері үлесінің 20%-дан 70%-ға дейін артуына әкеледі. Қазақстан қандай көрсеткіштерге қол жеткізеді, өйткені қазіргі кездегі көрсеткіштері орташа: ЖЭК-тің жалпы өндіріске қатысты үлесі 1% ғана құрайды?

Бұл мәселе – WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресінің «дөңгелек үстел» пікірталастарының бір тақырыбы. Ол Астана қаласындағы ЭКСПО ісерлік бағдарлама аясында 2017 жылдың 19-20 маусым айында өтеді. Дөңгелек стол IRENA – жаңартылатын энергия көздері бойынша Халықаралық агенттігінің (International Renewable Energy Agency) ұйымдастыруымен өтеді. REmap – IRENA түйінді жобаларының бірі.

Астаналық пікірталастың ұсынылған тақырыбы – «жаңартылатын энергия көздері бойынша Жол картасы: әлемдік жаңартылатын энергияның болашағы». IRENA инновациялық-технологиялық орталықтың бас директоры Долф Гиелен «дөңгелек үстел» модераторы. Кезінде Гиелен мырза Өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ-ның энергия тиімділік және саясатының (ЮНИДО) бастығы болған, энергетика және материалдар саласында доктор дәрежесіне ие.

–- IRENA тек үкіметпен жұмыс жасауы «дөңгелек үстелдің» бірегейлігі болып табылады, бірақ тақырыптың жаһандығын ескере отырып, WSEC үшін ерекшелік жасады, – деп Конгрестің бас үйлестірушісі, ҚР Ұлттық инженерлер академиясы Төралқасының бас ғалым хатшысы Медиева Гүлбазар айтты. Жыл басында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде IRENA бас директоры Аднан Аминмен кездесті. Олар біздің мемлекетіміз бен агенттіктердің жаңартылатын энергияны дамыту тәсілдерінің ұқсастығын атап өтті, және сол кезде Амин мырза EXPO-ға IRENA белсенді қатысу мақсатын айтты.

IRENA ЖЭК саласындағы жобаларды насихаттап қана қоймай, сонымен қатар қолдайды. Сонымен, Абу-Даби даму Қорымен (ADFD) бірге дамушы елдерде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жобаларды қаржыландыруды алу мүмкіндігін береді. 2012 жылдан бастап IRENA ұсынған 15 жоба үшін ADFD $144 млн бөлді. $189 млн астам қаржы басқа жобалар есебінен тартылды. Қаржыландыру бағдарламасына түскен жобалар IRENA жылдық Ассамблеясында жарияланады. «2030 жылға қарай әлемдік энергетикалық баланста жаңартылатын энергия көздерін екі еселеу мүмкін және арзан» деп айтып, Агенттік ЖЭК үнемдемеуге шақырады

WSEC «дөңгелек үстеліне» шетелдік және қазақстандық жетекші ғалымдары қатысады. Олардың ішінде «Жаһандық энергия» сыйлығының лауреаты Клаус Ридле, Оңтүстік Кореяның жаңа және жаңартылатын энергия қоғамының президенті Ли Йонг-хо, IRENA бағдарламасының басшылары мен серіктестері Родриго Лем, Луис Жанейро, Леннарт Кунтзе, Лаура Гутьерез, Питер Жоурни-Калер.

Конгресс аясында тағы екі «дөңгелек үстел» өткізіледі. Бір «дөңгелек үстелдің» тақырыбы «Жаңартылатын энергия көздерінің құрылыстарының негіздері мен іргетастарын салу және пайдалану кезіндегі инновациялар мен мәселелері», ал екіншісінің – «Қазақстанның болашақ энергиясына жол слу».

Конгрестің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясы.
Қосалқы ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Энергетика, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктері, Тұңғыш Президент Қоры және 10 халықаралық ұйымдар мен компаниялар.

Толығырақ ақпаратт WSEC-2017 сайтында: www.wsec.kz

Алматы,
WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдар
Дүниежүзілік Конгресінің
Ұйымдастыру комитеті
18 мамыр 2017 жыл
+7 727 2 91 52 90

Back To Top