ШМӨЗ 2016 жылы 1 млн тоннадан астам автобензин өндірген
Шымкентский нефтеперерабатывающий завод «ПетроКазахстан Ойл Продактс» Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2016 жылғы жоспарды асыра орындады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, 2016 жылы жоспардағы 4 444 623 тоннаның орнына 4 501 467 тонна мұнай артық өндірілген, жоспардың орындалуы 101,28% құрады. Салыстыру үшін, 2015 жылы «ПКОП» ЖШС 4 493 312 тонна шикі мұнай артық өндірген болатын.
1 032 015 тонна автомобиль бензині өндірілген, яғни жоспарға 103,26% (2015 жылы – 987 964 тонна), дизельдік отын – 1 203 445 тонна, яғни жоспарлы көрсеткіштерден 101,16% (2015 жылы – 1 192 445 тонна).
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС 2016 жылы шығарылатын ашық мұнай өнімдерін ұлғайту үшін өндірістік процестердің тиімділігін арттырған. Сондай-ақ зауытта негізгі өндіріс тоқтамай, Зауыттың жаңа технологиялық желілерін жаңарту және қайта құру жобасын іске асыру жұмыстары белсенді түрде жалғасып келе жатқанын да атап өту қажет.