skip to Main Content
Астанада «Болашақтың энергиясы – жаһандық энергетиканың даму перспективалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Астанада «Болашақтың энергиясы – жаһандық энергетиканың даму перспективалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша WSEC-2017-ге әрі қарайғы дайындық бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті ұсынымдар қабылданды

 

2017 жылы 26 сәуірде 09:30 Hilton Garden Inn. Қонақүйінің мәжіліс залында (Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 15) «СамұрықЭнерго» АҚның ұйымдастыруымен «Болашақтың энергиясыжаһандық энергетиканың даму перспективалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелді» өткізу ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің негізгі іс-шараларының бірі болып табылатын «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды іске асыру әдістері» WSEC-2017 атты Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресіне (бұдан әрі – Конгресс) дайындық мәселесіне арналды.

«Дөңгелек үстел» барысында қазіргі заманғы энергетикада қалыптасқан соңғы үрдістер талқыланды, сонымен қатар алдағы Конгресс үшін идеялар мен тақырыптарды сынақтан өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар  –  Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының, ҚР Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ,   «Назарбаев Университеті» ДБҰ өкілдері. Іс-шараға қатысушылар алдында WSEC 2017 Дүниежүзілік конгресі Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Б.Т. Жұмағұлов, 2-блоктың тең жетекшісі, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А.М. Сәтқалиев,  «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі М.Н. Түзелбаев кіріспе сөз сөйледі. Спикерлер ретінде «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Д-р Б.К. Есекина, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор –С.И. Катышев және басқа да көрнекті ғалымдар, энергетиктер, бизнес өкілдері сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел» аясында сонымен қатар Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшу перспективаларын талқыланды.

Бұдан бөлек, белгілі қазақстандық ғалымдар әзірлеген «Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайында төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясы: әлеуеті, іске асыру басымдықтары мен тетіктері» кітабының тұсаукесері өтті.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша WSEC-2017-ге әрі қарайғы дайындық бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті ұсынымдар қабылданды.

«Самұрық-Энерго» АҚ

Back To Top