skip to Main Content
Баспасөз релизі Мұнай өңдеуші мамандығын балалық шақтан таңдайды

Баспасөз релизі Мұнай өңдеуші мамандығын балалық шақтан таңдайды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС өндірістік қызметінің қызметкерлері Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі химия-биология бағытында оқып жатқан оқушылармен кездесті. Кездесу Қазақстандағы мұнай өңдеуші мамандығын игерген жандарға  арналды.

Әңгіменің басында зауыт қызметкерлері  Шымкент МӨЗ-ның тәуелсіз Қазақстаннан біршама үлкен екендігін айтты, себебі – ол өткен жылы өзінің 30-жылдығын атап өткен болатын, әрі оның басты дамуының өзі посткеңестік уақытпен дәл келген еді. Яғни кәсіпорынның қалыптасып аяғына нық тұруы жас мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты.

Сонымен бірге, олар Шымкент МӨЗ-ның жоспарлы жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтағандығын, яғни қайтадан мұнай өнімдерін, оның ішінде халық үшін басты өнім – бензин шығара бастағандарын атап өтті.

Сала ардагері, Шымкент МӨЗ-ның құрметті жұмыскері Олег Устинович Горчаковский  жас ұрпаққа туған зауытының және мұнай өңдеу саласының тарихы жайлы егжей-тегжейлі баяндады. Оның сөзі бойынша мұнай өңдеуші мамандығы елеулі теориялық даярлықты талап етеді. «Химия, физика, математика пәндеріне мектеп табалдырығынан бастап ерекше көңіл бөлу маңызды. Ал студенттік жылдарда сол алған білімді мұнай өңдеу процестерін тереңдеп ұғына отырып, нығайту қажет», – деді Олег Устинович.

Оқушылар қонақтарды бар ықыластарымен зейін қойып тыңдады, ал кеш соңында зауыт және мамандықтың ерекшеліктері туралы өздерін қызықтырып жүрген сауалдарды қойды.

«ПқОП» ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы және Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалғандығын, соның аясында мектеп оқушыларының зауыт қызметкерлерімен кездесулері, сондай-ақ ПқОП зертханасында практикалық сабақтардың да жиі өткізіліп тұратындығын атап өткен жөн.

ПқОП қызметкерлерімен өткізілетін мұндай кездесулер мемлекет Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде жүргізілетін болады.

«ПқОП» ЖШС мен ҚМГ-ПМ жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі

Back To Top