Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.
ТМД елдерінің Құрметті энергетигі. 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының ЭИСМ-ніңТалдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы; 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау агенттігінің Экономикалық саясат және арнайы бағдарламалар бөлімінің директоры; 2000-2001 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның энергетикалық жобалар бөлімінің директоры; 2001-2003 «KEGOC» ААҚ-ның коммерциялық директор орынбасары; 2003-2004 жылдары «КОРЭМ» ЖАҚ-ның президенті; 2004-2005 «Пауэр Инжиниринг» компаниясының директор орынбасары; 2005-2006 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ-ның энергетикалық жобалар бөлімінің директоры; 2006-2008 жылдары «ИнтерГаз ЦА» АҚ-ның Бас директорының кеңесшісі; 14.06.2011 жылдан Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі.