skip to Main Content
Қазақстан өңірлерінде ЭКСПО-2017 көрмесінің билет сататын кассалары ашылады

Қазақстан өңірлерінде ЭКСПО-2017 көрмесінің билет сататын кассалары ашылады

Қазақстанның облыстық орталықтарында ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет сату кассалары ашылады, деп хабарлады “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ.

 

2017 жылғы 8 наурызда Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау қалаларында ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет сататын кассаларының ашылуы өтеді. 2017 жылғы 12 наурызда сағат 12.00-де билет кассалары Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ашылады. 2017 жылғы 25 наурызда сағат 12.00-де билет кассалары Қостанай, Ақтөбе, Орал, Ақтау және Атырау қалаларында жұмыс істей бастайды.

Атап өтейік, қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары Астана және Алматы қалаларында ашылған. Бұдан бөлек, билеттерді ресми билет сайтында және Қазпошта бөлімшелерінде сатып алуға болады.

 

www.strategy2050.kz

Back To Top