skip to Main Content
Ақмола облысы ЭКСПО-2017-ге 50 экскурсия жетекшісін дайындады

Ақмола облысы ЭКСПО-2017-ге 50 экскурсия жетекшісін дайындады

Ақмола облысында экскурсия жетекшілерінің кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

 

«Ақмола облысының Щучинск қаласында 50-ден астам  экскурсия жетекшілері семинар-тренинг нәтижесінде   білімдерін ұштады, шараны ұйымдастырған  Ақмола облысының  туризм басқармасы», – деп хабарлады өңірлік  коммуникация қызметі.

Шараның негізгі мақсаты экскурсия жүргізушілерінің  дайындық деңгейін арттыру. Семинар  барысында олар  экскурсия жүргізу  біліктілігіне ие болып, техникалық мақамның ерекшеліктерін меңгерді.

Әдістемелік  ұстанымдардың негізі  психологиялық және  коммуникациялық сөйлеу мәдениетінің  негізін меңгеру.  Тұлғалық қасиеттерге ие  болу, оның ішінде сахна тілі мен ораторлық қасиет.

Экскурсия жүргізушілері  өз  жобаларын таныстырып өтті.  «Бурабай – Қазақстанның маржаны»  тақырыбында   26 таныстырылым ұйымдастырылды.

 

www.strategy2050.kz

Back To Top